Ekim 24, 2014
 
 
 
 
 
 

Иммун тапшылығы дегеніміз не?

27 Nisan 2012, Cuma / АРАЙЛЫМ АТАШЕВА,
Add to Google

Көктем келіп, тіршілік жандана бастағанмен, кейде, осы мезгілде адамдар шаршап, өзін әлсіз сезініп, аурушаңдыққа бой алдырып жатады. Медицина тілімен айтқанда, иммунитеті төмендейді. Біз бүгін жалпы иммун тапшылығы деген не? Оның тапшылығы неден болады деген сұрақтарға жауап іздеп С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМ Университетінің иммунология және аллергология кафедрасының доценті Жұбантұрлиева Айнагүл Баубек қызына жолығып,  көкейдегі сауалдарды қойған едік.

 

Иммун тапшылығы дегеніміз — адамның иммундық жүйесінің қызметінің қалыпты тұрғыдан ауытқуы салдарынан пайда болатын аурулар немесе әр түрлі дерттер. Қалыпты күйде адамның иммундық жүйесі бізді қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен, соның ішінде әр түрлі микробтар мен вирустардан қорғап қоймайды, сонымен қатар ағзаның меншікті тіндерінің бүтіндігін де сақтауда зор рөл атқарады. Иммундық жүйе деп отырғанымыз – оған жауапты атқарушы бірнеше жасушалар, оларды түзуші мүшелер – сүйек кемігі мен айырша без. Иммундық жасушалар бірігіп жұмыс істегенде ғана иммундық қорғаныс қалыптасады. Ал бұл жүйенің қалыпты қызметі бұзылған жағдайда адамның сырттан түсетін микробтар мен вирустарға төтеп беруі төмендеп, жиі аурушаң келеді. Бұдан басқа, адам ағзасының жасушалары өмір барысында мутацияға ұшырап, қатерлі ісік жасушаларына алмасу мүмкіншілігі бар. Ондай түзілген жасушаларды сау иммундық жүйе дер кезінде жойып отырады. Ал оның жұмысы тапшыланса, қатерлі өспелердің дамуы мүмкін. Кей жағдайда иммундық жүйе өзінің меншікті тіндеріне шабуыл жасауы да мүмкін, бұл да иммунитет бұзылысының бір түрі. Иммундық жауаптың бұзылыстарының тағы бір түрі, бұл — аллергия. Аллергия дегеніміз сырттан келетін бөгде заттарға иммундық жүйенің аса сезімталды жауабы. Бұл жағдайда да ағзаның жасушаларының зақымдануы болып, түрлі аурулар қалыптасады.

Қандай себептерден немесе қан-дай уақыттарда иммунитет төмен-дейді? Оны қалай байқауға болады?

— Адамда иммун тапшылығының екі түрі кездеседі. Олар туа біткен иммундық жүйе ақаулары және жүре қалыптасқан иммун тапшылығы. Туа біткен иммун тапшылығы генетикалық ақауларға байланысты, олар балаларда ерте жастан байқалады, туған шақта сырттан түсетін микробтармен күресу күші болмағандықтан, әр түрлі жұқпалы аурулар асқынулармен өтеді, дәрі-дәрмектің көмегінсіз дер кезінде жазылмайды, ал олар қолданылмаса, тіпті өлімге әкеледі. Ал жүре қалыптасқан иммун тапшылығының себептері өте көп. Жасқа да байланысты болуы мүм-кін. Мысалы, кішкентай балалардың иммундық жүйесі толық қалыптасып үлгермегендіктен, жасөспірімдердегі жыныстық қалыптасуға, әйелдер ағ-засының гормоналды өзгерістеріне, жас ұлғайған шақта айырша бездің кері қайтуына байланысты. Иммундық жүйеге қоршаған орта да әсер етеді. (Вирустар мен бактериялар, түрлі радиация, химиялық заттардың ішінде кейбір дәрі-дәрмектер тағы басқалар) Иммунитет тапшылығы ең алдымен тыныс алу мүшелерінің тұмау тәріздес ауруларымен, терінің микробтық, саңырауқұлақтық, вирустық аурулармен жиі ауыру, дер кезінде жазылмау, асқынулар кезінде байқалады. Жиі аурушаңдық ересек адамдар мен балалар үшін әр түрлі. Ересектерде жылына 2-3-тен аса тұмаурату кездессе, бұл иммунитет төмендеуінің көрінісі. Ал балалар ересектерге қарағанда жиірек ауырады, оның себебі жоғары-да айтып өткендей, иммундық жүйе толық қалыптасып үлгермегендіктен.

Оны қалай нығайтуға болады?

— Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек. Айта кететін маңызды жағдай дұрыс тамақтануға қатысты. Ол дегеніміз тек қана дер кезінде тамақтанып тұру емес, сол тағамның құнарлылығы. Тағамдардың құнарлылығы табиғи түрлерінде ғана толықтау болады. Малдың сүті мен еті, соның ішінде шұбат, қымыз, айран, балықта, жемістер мен көкөністерде нәруыздар мен дәрумендердің және минералды заттардың қажетті көлемі бар. Осындай тағамдарды араластырып қолдану пайдалы. Ал үнемі біркелкі тамақтану кейбір дәрумендер мен минералды заттар жетіспеушілігіне байланысты, иммундық жүйе жұмысының тапшылығына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар дене шынықтыру, жұмыс пен демалыс ретін сақтау өте маңызды.

Бұл жағдайда қандай дәрігерлер-дің көмегіне жүгінген жөн?

— Дегенмен, егер иммундық жүйе жұмысы әлсіреп, аурушаңдық пайда болса, онда дәрігер-мамандарға көріну шарт. Көпшілік халық айналасындағы таныстарының, жарнамалық ақпарат-тардың көмегіне сүйенеді, дәріхана қызметкерлерінің де артық кеңес берушілігі жиі байқалады. Кез келген дәріханаларда кеңесші-дәрігерлер бо-ла бермейді. Олардың қызметкерлері орташа білімді мамандар болуы да мүмкін. Соған қарамастан тұрғындарға әр түрлі дәрілерді иммунитет көтереді деп сатып жатады. Бұл тұста айта кететін жағдай, әр адамның иммундық жүйесінің ауытқулары, жоғарыда айта кеткендей, әр түрлі болуы мүмкін. Тіпті кейбір жағдайларда иммундық жауапты ынталандыру зиянды, мысалы, иммундық жүйенің меншікті тіндеріне шабуылы, аллергиялық күйлер. Сондықтан тек қана маман-дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Алдын алуға бола ма?

— Әрине, болады. Жоғарыда атап өткендей, салауатты өмір, тамақтану, жұмыс және демалыс ретін сақтау, дене шынықтыру сияқты жалпылама шаралармен қоса, тұмау сияқты аурулардың алдын алатын егулер де бар. Бұл егулер жиі ауыратын балалар мен ересектерге қолданған кезде аурудың алдын алып, иммундық жүйенің зардап шегуін сиретеді. Ал иммундық жүйенің жұмысын ынталандырушы емді қажет жағдайларда иммунолог дәрігерлер тағайындайды.

Сұхбатыңызға көп рақмет!

 
Отбасы  Diğer Başlıklar
Қазіргі жастар қара шаңырақтың қасиетін білмей жүр-ау!
Адамына қарай ауруы
«Үлкен үйдегі» үрімдей бақыт
Аяқ киімді күту
Бір қауым елге айналған Әулет
Қабанбайдың ұрпағы — Мұхтар аға
Артериялық гипертонияның басты белгісі — қан қысымының көтерілуі
Қыз-келіншектердің ғылымға құлшынысы қандай?
Мүгедектер протездік-ортопедиялық көмек алу үшін не істеуі керек?
Баспана
Адам ағзасында біз білмейтін сырлар көп
Енді үйленетін шығармын
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар