Ekim 22, 2014
 
 
 
 
 
 

Парламент делегациясы – Шығыс Қазақстанда

21 Eylül 2012, Cuma / БОЛАТ САЛЫҚБАЕВ,
Add to Google

Қыркүйектің 17-18 күндері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева басқара-тын әлеуметтік- мәдени даму Комитетінің мүшелері Шығыс Қазақстанда болды. Сапар барысында депутаттар облыс орталығында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен таныс-ты.

 

 Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Өскемен қаласында 140 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Жыл аяғына дейін барлығы 1183 тұрғын үйден тұратын тағы жеті несиелік үйдің құрлысын аяқтап, Өскемен қаласында алты, Семей қаласында 2 несиелік тұрғын үй құрлысын аяқтау жоспарлануда. Облыстық бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағыттал-ған. Соңғы үш жыл көлемінде бюджет есебінен білім саласын дамыту 1,6 есеге, денсаулық саласын дамыту 1,7 есеге өсті. Халық қалаулылары облысты аралау бағдарламасы аясында №45 кәсіптік орта мектепте, Жастар үйінде, жеке емханада болып, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысына назар аударды. Олар жаңа кәсіпорындар-мүгедектер: жұмыс істейтін «Апимондия» тігін цехының және ара өнімдерін өндіретін несие серіктестігінің іс-әрекетіне қызығушылық танытты. Сапар қорытындысы бойынша Өскемендегі «Алтай» ғылыми-техникалық саябағын-да Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мә-дени даму Комитетінің көшпелі отырысы өтті. Комитет төрайымы Дариға Назарбаева төрағалық еткен жиынға Астанадан келген делегация құрамындағы депутаттармен қатар Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

— Біз жұмыс сапары кезінде Өске-мендегі бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, барлығын көзімізбен көрдік. Тұрғындармен жүздесіп, олардың көңіл-күйін білдік, жағдайын сұрадық. Халық қалаулылары үшін мұндай жұмыстардың мәні ерекше. Комитеттің көшпелі отырысы да осы әлеуметтік-мәдени дамуға арналуда, — деді өз сөзінде Дариға Назарбаева. Ол бұл орайда Елбасының халыққа Жолдауы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерді негізге алу қажеттігін еске салды. Бүгінгі күні еліміздегі әрбір азаматтың басын ауыртып, балтырын сыздатқан өзекті мәселелердің бірі деп, баспанамен қамтуды айтуға болады. Комитет басшысының сөзіне сенсек, ағымдағы ақпан айынан бері осы уақытқа дейін Комитет қарауына мыңнан аса хат келіп түскен, соның 80 пайызы тұрғын үйге қатысты. Көшпелі мәжілісте біршама ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәселен, Өскемендегі «Статус» әйел-дер федерациясының төрайымы Ирина Унжакованың айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының материалдық-бюджеттік «тәуелсіздігі» де заңда ес-керілмеген. Федерация басшысының сөзіне құлақ ассақ, қазіргі күні жастарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, жас аналар мен зейнеткерлерді еңбекке тартуда біраз қиындықтар бар. Сол себепті әлеуметтік жұмыс орындары туралы заң жобасы керек. Радиологиялық апаттар мен сынақ полигонының салдары жайында отырыста «Нейрохирургиялық медицина және экология» РМҚК-нің директоры Қазбек Әбсалықов айтып өтті. Ол өз баяндамасында 1992 жылы қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген кейбір баптарға тоқталып, олардың орындалуына қатысты өз ойын ортаға салды. Әсіресе, аймақта зардап салдарын шеккен азаматтарға қызмет көрсететін медициналық оңалту орталығын құруға баса көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек етті. Бұрындары мұндай орталық Семейде құрылып, кейіннен жабылып қалған екен. Қазір осы мәселе бойынша облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тікелей бастама көтеріп, тығырықтан шығудың жолдарын қарастыруда. Сонымен бірге маманның айтуынша, Семей полигонының салдары адамдардың арасында онкологиялық сырқаттардың кең тарауына әсерін тигізуде. Мекеме басшысының айтқандарына ден қойған Дариға Назарбаева онкологиялық ау-руларға қатысты тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу шарасы өңірде қалай іске асып жатқанын сұрады. Қойылған сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Вадим Овсянников жауап берді. Өңірдің бас дәрігері халықтың 80 пайызы скринингтік тексеруден өткендігін, алдағы уақытта тағы да бұл көрсеткіш ұлғая түсетінін жеткізді. Денсаулық сақтау саласы төңірегінде қордаланған біраз сұрақты облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан Түсіпова қойса, ардагерлер туралы заң жобасын қабылдау керектігі жөнінде зейнеткер Серік Оразбайұлы өз пікірін ортаға салды.

 
Қоғам  Diğer Başlıklar
Еуропа мен Азияға ашылған қақпа
Философия — бүкіл өмірімнің мәні
Ел қамын ойлар бүгінгінің Бұқар жырау, Махамбеттері қайда?
Бетбе-бет
Бетпе-бет
Аман — “Жігіт сұлтаны”, Алуа —”Көктем аруы”
Ең байлар қатарында үш қазақстандық бар
Төрт кезеңнен тұратын әділдіктің сара жолы
Қазақстан халқы 20 миллионға жете ме?
Балаға деген жартымсыз жәрдемақы ұлт көсегесін көгертпейді
Бейнеттің зейнетін көре аламыз ба?
ФУТУРИЗМ ЕМЕС, ФОРСАЙТ
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар